Қазақстандық спортшылар 7-Қысқы Азия ойындарында көш бастап келе жатыр

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 7-қысқы Азия ойындары аясында Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі кезде 6 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль бар.

Жапон құрамасында 2 алтын, 3 күміс, 1 қоламен екінші, корейліктерде 1 алтын, 1 қоламен үшінші орында келе жатыр. Ал қытайлықтарда 1 күміс, 1 қола, моңғолдарда 1 қола бар. Алғашқы медальдар жиынты шаңғымен бағдарлауда сарапқа салынған болатын. Онда қазақстандықтардан Олга Новикова мен Михаил Сорокин ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Одан кейін мұндай мәртебеге тау шаңғысында Дмитрий Кошкин, шаңғы жарысында Алексей Полтаранин, фристайлда Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева ие болды.