Оның пікірінше, біздің спортшылар, ең алдымен, жеңіске психологиялық жағынан бейімделуі тиіс.
«Бұл әңгімелердің барлығы олимпиадалық медальдар жолындағы әлемдік сайыста алға суырылып шығудың қиындығына байланысты қозғалып отыр. Ешқандай алаңдаушылық танытпай, бар күшті толық жұмсау қажет. Өз қабілетіңді де, жаттықтырушылардың үйреткендерін де көрсете білу керек», - деді Оксана Борисюк.
«Олимпиада төрт жылда бір рет өткізіледі, сондықтан көптеген спортшылар үшін бұл өздерін көрсететін жалғыз ғана мүмкіндік болмақ. Сондықтан бар мүмкіндікті пайдаланған жөн», - деді ол.