Қазақстандық спортшылар Бельгияда өтетін спорттық гимнастика бойынша әлем чимпионатына қатысады

БРЮССЕЛЬ-АНТВЕРПЕН. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін белгиялық Антверпен қаласында спорттық гимнастика бойынша әлем чимпионаты басталды, оған қазақстандық спортшылар да қатысуда.

Бір апта ішінде 71 елден келген спортшылар 12 медаль жиынтығын сарапқа салмақшы. 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында біліктілік жаттығулары өтеді. Ерлер көпсайыс финалына 3 қазан күні қатысады, ал әйелдер спорттың осы түрі бойынша келесі күні бағын сынамақшы. Ал қалған 4, 5 және 6 қазан күндері спорттың жеке түрлері бойынша ақтық сындар өтеді.

Қазақстанның әйелдер құрамасында Жанерке Дүйсек, Инна Васильева, Анна Гейдт өнер көрсетеді. Ерлер құрамасында Степан Горбачев, Максим Петришко, Станислав Валиев, Виктор Кочерин, Әзізбек Құдратуллаев бар.