Сайттың мәліметтеріне сәйкес, аталған тізімге жеті қазақстандық спортшы енген. Олардың қатарында велошабандоз Виктор Окишев бар. Спортшының 2018 жылы жасалған талдауында тыйым салынған эритропоэтин препараты табылды. Салдарынан Окишев 2018 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін сегіз жылға спорттан шеттетілді.
Сондай-ақ, допинг қабылдаған спортшылардың тізіміне Роберт Карнаухов (нандролон, кломифен), жүзгіш Риат Жұмағұлов (метилгексанамин, хигенамин) және жеңіл атлеттер Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Брославская (мельдоний) кірді.