12 алтын медальдың 6-уы - «қазақша күрестен», 3-уі - «тоғыз коргоолдан», 1-уі - «қырғыз күресінен» және 1-уі 2400 метрлік ат жарысынан.
8 күміс медальдің 4-уі - «қазақша күрестен», бір-бірден - «тоғыз коргоол», «қырғыз күресі», «құнан шабыс» және «аламан бәйге» ойындарынан болды.
Қалған 8 қола медальдің 4-уі «қырғыз күресі», 2-уі «Эр эниш» (қазақтың аударыспағы сияқты), бір-бірден - «қазақша күрес» пен «алыш» (қырғыз күресі) спорт түрлерінен.
«Ойындарға 18 шетел өкілдері қатысты, қазақстандық спорт делегациясы 52 адамды құрады», - деп атап өтті Мақсат Қойшыбаев.
Кешке атшабарда көшпелілердің Бүкіләлемдік бірінші ойындарының ресми жабылуы өтеді.