Қазақстандық спортшылар Qatar Open-2015 жарысында екі қола жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар астанасы Дохада таэквондодан Qatar Open жарысы аяқталды. Бұл сынға Қазақстаннан 9 спортшы қатысып, екі қола жеңіп алды, деп хабарлайды аlaman.kz.

Инчхондағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Нұрсұлтан Мамаев Катардағы жарыста 58 келіде қола жүлде иеленді. Мамаевпен бірге таиландтық Натхавее Кломпонг та қола алды. Ал финалда кореялық Таи Мун Ча француз Дилан Челамотоны жеңді.

Қыздар арасында 46 келіде Жазира Сапарбек те қола медаль еншіледі. Бұл салмақта франциялық Хаджер Мустафа - алтын, канадалық Иветта Ионг күміс иеленді. Тағы бір қоланы нигериялық Жозефини Есуку алды.