Стенд атудан «скит» бағдарламасында Қазақстан командасының мүшесі Александр Мухамедиев алтын жүлдегер атанды.
Тағы бір қазақстандық спортшы Александр Ещенко төртінші орыннан көрінген.
«Скит» бағдарламасынан әйелдер арасында өткен сында Әсем Орынбай күміс жүлде иеленсе, Анастасия Молчанова қолаға қол созды.
Ал финалда сынға түскен тағы бір отандық мерген Зоя Кравченко алтыншы орында.