Қазақстандық спортшылар Варшавадағы еркін күрес турнирінен 6 медаль алды

Фото: None
ВАРШАВА. ҚазАқпарат – Варшавада Вацлав Циолковскийді еске алуға арналған еркін күрес халықаралық турнирінің екі күндік жарысының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

97келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан Әлішер Ерғаличемпионаттың «алтын» жүлдесіне ие болды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндеҚазақстан өкілі Нұрислам Санаев финалда ресейлік Арыйаан Тютринге есе жіберіп,екінші орын алды. 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен НұрғалиНұрғайыпұлы түркиялық спортшы Сүлейман Караденизден жеңіліп қалды. Қазақстанактивіне «қоланы» Расул Қалиев (61 келі) мен Ералы Әбдірашев (92 келі) әкелді.


Бұданбөлек, жарыстың екінші күнінде «Урсынов» спорт аренасында қалған бес салмақдәрежесінде финалға шығу үшін айқас өтті. Қазақстанның намысын екінші күнісегіз спортшы қорғады. Финалға 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі НұрқожаҚайпанов қана шықты.


Қанағат кездесуде 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндеДәулет Ниязбеков пен Саятбек Оқасов, 86 келіге дейінгі салмақта ӘділетДавлумбаев, 125 келіге дейінгі салмақта Юсуп Батырмурзаев пен Олег Болтинкүреседі. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Қайсанов пен 86 келігедейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков бірінші айналымда қарсыластарына есежіберіп, жекпе-жекті аяқтады.