Ұлттық олимпиада комитеті 19 жасқа дейінгі жастар арасында өткен құрлықтық бәсекедегі қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынды.
Жастар арасындағы бәсекеге Қазақстан атынан төрт жұп қатысты.
Әйелдер арасында Лаура Кабулбекова және Надежда Иванченко, Айсұлу Мұхтарқызы және Әсемай Сабанбаева, ал ерлер арасында Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов, Александр Кетиладзе және Александр Исмаилов жұбы бақ сынады.
Жағажай ойыншыларының тандемі Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов халықаралық деңгейдегі жарыста көзге түсті.
3-орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық жұп таиландық спортшылардан техникалық жеңіспен басым түсіп, қола жүлдегер атанды.