Олимпиадада Қазақстан атынан 57 спортшы жарыс жолына шығады, олар спорттың 22 түрі бойынша күш сынасады. Биылғы дүбірлі додаға ұлттық құрама Олимпиада ойындары тарихындағы ең үлкен құраммен қатысқалы отыр.
Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының байрағын биылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған 18 жастағы боксшы Дамир Тойбай алып шығады.
Жалпы, жарысқа 206 елден 15-18 жас аралығындағы 3926 спортшы қатысады. Олимпиадада спорттың 32 түрінен медальдар сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен Олимпиада ойындарынан қазақстандықтар үш алтын, бір күміс және төрт қола - жалпы сегіз медальмен оралған болатын.