Қазақстандық спортшылардың тамыз айындағы жарыс кестесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тамыз айында олимпиадалық спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері жалғасын табады. Жаздың соңғы айында әлем чемпионаттары мен кубоктік кезеңдер, сондай-ақ бірнеше спорт түрінен Қазақстанның жазғы спартакиадасы өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰлттықОлимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың тамыз айындағы жарыс кестесін ұсынды.

Қазақстанда өтетін жарыстар тізімі: 1-5 тамыз – жағажай волейболынан Қазақстанның 5-шіжазғы Спартакиадасы (Ақтау);

1-10 тамыз –көгалдағы хоккейден Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Талдықорған);

2-8 тамыз –академиялық есуден Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Теміртау);

2-9 тамыз –велотректен Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Нұр-Сұлтан);

3-4 тамыз –таеквондодан Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Атырау);

3-10 тамыз – ауыратлетикадан Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Талдықорған);

3-10 тамыз –теннистен Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Алматы);

6-9 тамыз – қазіргібессайыстан Қазақстан чемпионаты (Қапшағай);

21-25 тамыз –байдарка мен каноеде есуден Қазақстан кубогі (Алматы);

22-26 тамыз –триатлоннан Қазақстан кубогінің финалы (Павлодар);

24-31 тамыз –волейболдан Қазақстан кубогі (Өскемен);

25-30 тамыз –батуттағы гимнастикадан Қазақстан чемпионаты және Қазақстан кубогі (Қарағанды).

Шетелде өтетін жарыстар тізімі: 1-4 тамыз – байдарка мен каноеде есуден жастар менжасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Сегед (Венгрия); 1-5 тамыз – күрестүрлерінен «Poland open» халықаралық турнирі Варшава (Польша);

4 тамыз –маунтинбайктан халықаралық турнир (Түркия);

10-21 тамыз –спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты, Хатиодзи (Жапония);

13-23 тамыз – стендатудан лицензиялық әлем кубогі кезең, Лахти (Финляндия);

15-19 тамыз –триатлоннан әлемдік серия, Токио (Жапония);

16-18 тамыз –көркем гимнастикадан әлем кубогі, Минск (Беларусь);

19-23 тамыз –тректегі велоспорттан «Tour d Indonesia» халықаралық турнирі,Индонезия;

21-25 тамыз –байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты, Сегед (Венгрия);

23-25 тамыз –таеквондодан World Cup team Championships халықаралық турнирі, Уси (Қытай);

24 тамыз-1 қыркүйек– академиялық есуден әлем чемпионаты, Линц (Австрия);

25 тамыз-1 қыркүйек– дзюдодан әлем чемпионаты, Токио (Жапония);

26 тамыз – 3қыркүйек – нысана көздеуден лицензиялық әлем кубогі, Рио-де-Жанейро (Бразилия);

29 тамыз - 2қыркүйек – триатлоннан әлем чемпионаты, Лозанна (Швейцария);

30 тамыз – 1қыркүйек – көркем гимнастикадан әлем кубогі, Қазан (Ресей)