«Қазір біз қазақстандық спутниктік телевидение құру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Желтоқсан айында оны іске қосуды жоспарлаудамыз. Менің ойымша, көпшілік бұны бағалайды. Ресейлік те, қазақстандық та арналарды көруге болады», деп жазады А. Жұмағалиев.
Сонымен қатар министр елімізде спутниктік телеарналар антенналарын шығару өнірісінің де жолға қойылатындығын атап өткен. Оның келтірген деректеріне қарағанда, қазіргі таңда Қазақстанда спутниктік табақшалардың саны миллионға жетіп қалған.