Қазақстандық студент Айнұр Ахметова АҚШ-тан елге жеткізілді - ҚР ДСМ

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ клиникасында ес-түссіз жатқан павлодарлық студент Айнұр Ахметованы жасанды тыныс аппаратынан ажыратпай,

Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері тарапынан барлық ұйымдастыру мәселелері шешіліп, ағымдағы жылғы 21 тамызда таңғы сағат 05-те Айнұр елге жеткізілді.