Еуразия ұлттық университетінің студенті ресейлік «Метеосат» жерсерігін 80 пайызға жетілдіру бойынша жоба жасақтап шығарды, деп хабарлайды КТК .
«Ғылымдағы жастар-2012» бесінші форумында ұйымдастырушылар Марсель Мұхамбетовке аталмыш жұмысы үшін медаль мен арнайы диплом табыс етті.
Алматыда өтіп жатқан ТМД елдері жас ғалымдарының халықаралық форумына Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Қырғызстан мен Өзбекстанның 200-ге жуық жас ғалымы және ҚР Тұңғыш Президенті қоры байқауларының жеңімпаздары мен лауреаттары қатысуда.
Дегенмен наградалар тек үздіктерге - ең қызықты және өзекті жобалардың авторларына берілуде.
Мысалы, Алматыдағы технологиялық университеттің студенті Нұршаш Жексенбай қымыз жасау технологиясының жаңа әдісін ойлап тапты. Енді бұдан былай қымызды сиыр сүтінен де дайындауға болады.