Қазақстандық студенттер АҚШ-та өткен жастар ассамблеясына қатысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар АҚШ-тың Вашингтон «Әлем жастары үшін - жаңа көкжиектер» («New Horizons for Global Youth») атты БҰҰ-ның Жастар ассамблеясының 24-ші сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан делегациясынан өкілдікетуге Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатқан қазақстандықстуденттер А. Ажгалиева мен Д. Қадырқұл таңдалды.

3 күнге созылған Біріккен ҰлттарҰйымының бұл жолғы Жастар ассамблеясы ғаламдық деңгейдегі бірқатар маңыздымәселелерді көтерді. Олардың қатарында қоршаған ортаны қорғау, әлемдік бейбітшіліктісақтау, адамзаттың дамуы және технология тақырыптары талқыланды.

Аталған сессияның алғашқы күніндеАҚШ Мемлекеттік Департаментінің Әлем Жастары жөніндегі Арнайы Кеңесшісі Эндрю Рабенсжәне өзге БҰҰ өкілетті қызметкерлері (Xan Northcott, Ami Dar, Andrew Macdonald,Yumna Khan, т.б.) сөз сөйлеп, қазіргі замандағы өзекті мәселелерге қатысты өзойларын білдірді. Одан кейінгі күндері әрбір мәселеге қатысты арнайы панельдерұйымдастырылып, әлем жастары жаһандық мәселелер туралы өз пікірлерін ортағасалып, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар