Қазақстандық студенттер әлемдік «ACM ICPC Programming Contest» ойынының аймақтық 4-ші кезеңін өткізді

АЛМАТЫ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Өткен сенбі күні «ACM ICPC Programming Contest» ойыны бойынша әлем чемпионатының қазақстандық студенттік топтар арасындағы 4-ші кезеңі өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа Қазақстанның 19 жоғары оқу орнынан 85 топ қатысты.Олардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет, ҚМЭБИ, Қазақ-Британ техникалық  университетінің топтары бар.

Жарыс барысында 5 сағат ішінде 11 тапсырманы шешу ұсынылды.Тапсырма қорытындысын  автоматты тестілік жүйе тексерді.Жарыс қорытындысы бойынша Қазақ-Британ техникалық университетінің студенттері ең үздік нәтижеге қол жеткізіп, алғашқы 7 орынды жеңіп алды.Алғашқы ондықта Сүлеймен Демирель атындағы университет өкілдері 8, 9 орынды, ҚБТУ-дың тағы бір командасы 10 орынды иеленді.Енді жеңімпаздар биылғы жылдың 11-ші қарашасында ТМД аймағы бойынша Санкт-Петербург, Барнаул, Ташкент, Батумиде бір мезгілде он-лайн жүйесі бойынша  өтетін сайысқа қатысады.Ал шешуші кезең ақпанның 1-6 аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді.Оған әлемнің 90-нан астам университеттерінің топтары қатысады.Жарыстың бас демеушісі  IBM компаниясы бұған 200 миллион доллардан астам қаржы бөлген.Қазақстандықтар бұл сайысқа 2003 жылдан бері қатысып келеді.2006, 2007 жылдары шешуші кезеңге қатысқан болатын.