Спорт жарыстарына Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан,Ауғанстан, Кипрден келген студенттер қатысты. Универсиадада қазақстандық команда жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді, екінші орынды - Түркия командасы, үшінші орынды - Әзірбайжан алды. Қазақстан құрамасының еншісінде барлығы 13 алтын, 7 күміс және 1 қола медаль бар.
Құрамаға Қазақ спорт және туризм академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универитеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенттері кірді.