Қазақстандық студенттер киберқылмыстарды ашуды үйренеді
Эразмус+ (англ. Erasmus) - Еуроодақ елдері және Исландия, Лихтенштейн, Македония, Норвегия, Түркия университеттері арасындағы студенттер мен оқытушылар алмасатын Еуропалық одақтың коммерциялық емес бағдарламасы. Бағдарлама бойынша өзге елге оқуға, тағылымдамадан өтуге және дәріс оқуға болады.
Халықаралық «Эразмус+» бағдарламасына әлемнің 33 елінен 4 мыңнан астам білім беру мекемелері қатысады. Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары ұсынған 8 жобаның 3-еуі жеңімпаз деп танылды. Жобалар аясында Қазақстанға ат басын бұрған Гренобль университетінің (Франция) профессоры Жан Ноэль Пашу университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Байқау шарты бойынша жоба жеңімпаздарын халықаралық қор қаржыландырып, оны жүзеге асыруда шетелдік тәжірибелі ғалыммен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.