«ТМД Желілік университетін» құрудың мақсаты - Достастық елдерінің біртұтас білім кеңістігінің аясында «Эразмус Мундус» бағдарламасының баламасын әзірлеу және оны енгізу болып табылады, деп хабарлады мемлекетаралық қордың баспасөз қызметінен.
Жоба жоғары сапалы бірлескен магистрлік бағдарламаларды ұйымдастыруға және оларды жүзеге асыруға, жоғары білікті мамандар дайындау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кандидаттық диссертациялар дайындау мақсатында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған.