«Қазақстанның базалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы шарт негізінде 2016 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ-да 16 студент практикадан өтуде», - деді біздің агенттікке компаниясының спутниктік технологиялар жөніндегі вице-президенті, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов.
Болашақ мамандар Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ) орталығында, жоғары спутниктік навигация жүйесі орталығында (ЖСНЖ), геоақпараттық технологиялар орталығында, ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен қызметтерін жылжыту басқармасында жұмыс істеп, ғарыш түсірілімдерін алу, өңдеу, іске асыру циклдарын бақылайды. ЖСНЖ жұмысына қатысады, - деп атап өтті А. Айымбетов.
Әр жыл сайын ҰҒО-ына практикаға тілек білдірушілер, ғарыш технологиясын көргісі келетіндер саны артуда. Бұл туралы статистика көрсетуде. Өткен жылы практиканттар екі есе аз болған,студенттер ағыны енді ғана басталды.