Қазақстандық студенттер Үрімжідегі футбол турнирінде жеңімпаз болды

БЕЙЖІҢ-ҮРІМЖІ. ҚазАқпарат - 25 наурызда ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімжі қаласында мини-футболдан Қазақстан, Қытай және Қырғызстаннан барған 8 команданың арасында халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Оны Үрімжідегі Қазақстан Республикасы СІМ-нің төлқұжат-виза қызметі мен Қырғыз Республикасы СІМ-нің виза пунктінің қолдауымен Қытайдағы Қазақстандық студенттер қауымдастығының Шыңжаң бөлімі ұйымдастырды.

Турнирде Шыңжаң және Шыңжаң педагогикалық университеттерінің қазақстандық студенттерінен құралған команда жеңімпаз болды. Екінші және үшінші орындарды қырғызстандық жастар еншіледі.