Аталған шешім ми сигналдарын санауға арналған құрылғыдан, сигналдарды тану үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінен, микробақылаушы мен экзоқаңқаның жоғарғы ұштарынан тұрады. Бас миының сигналдары электроэнцефалография форматында Bluetooth арнасы арқылы компьютерге жолданады. Осыдан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі сигналды тани отырып, экзоқаңқаға орнатылған бақылаушыға жолдайды. Жүйе саналы түрде экзоқаңқаны басқара отырып, пациенттің қалпына келуіне септігін тигізеді. Қазіргі таңда прототип тестілік пайдаланудан өтіп, толыққанды қызмет көрсетіп тұр.
ReLive компаниясының миссиясы - жасанды интеллектінің көмегімен нейрореабилитациялық робототехникалық платформа қызметінің аясын кеңейту. Компания құрамында робототехника, көліктік оқыту және жасанды интеллект саласында тәжірибесі бар «Назарбаев Университетінің» зерттеушілері мен түлектері еңбек етеді. Зерттеу тобы қазірдің өзінде жүру үшін тобыққа, қолға арналған оңалту роботтарын жасап шығарған.
2018 жылдың 25-26 қазан күндері елордада өткен Astana Digital Health халықаралық көрмесінде ReLive жобасы ЮНИСЕФ басшысы Генриетте Форд пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа таныстырыла отырып, басқа да ірі халықаралық және қазақстандық компаниялардың арасында үздік цифрлық шешім ретінде марапат ұтып алған болатын.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 23 желтоқсанында жас ғалымдармен кездесу барысында жоба Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа таныстырылған еді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қаңтар айында ReLive компаниясының өтініші сатылған 86 халықаралық жоба арасында айтарлықтай іріктеуден өтіп, әлемнің цифрлы шешімдерінің үздік жиырмалығына енген болатын. Сонымен бірге, ол жоба Женевада наурыздың 7-8 күндері өтетін Assistive Technology In Accelerating Learning and Participation of Children with Disabilities халықаралық көрмесіне шақырылған. Көрмеде әлемдегі ең жаңа инновациялық көмекші технологиялар таныстырылады. Көрмеге әлемнің 160 елінен қонақтар келгелі отыр.