«Ғылыми алқаның жеті мүшесі - «Қылмыстық процесс» мамандығы бойынша ғылым докторларының бірауыздан қабылданған шешімімен Қасымов Ақылтай Ахмеджанұлына заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру туралы шешім қабылданды», - делінеді хабарламада.
Дипломның мәртебесі Еуропа одағына мүше мемлекеттердің, Болония білім беру жүйесін қабылдаған елдер аумағында, соның ішінде Қазақстанда мойындалады. А. Қасымов сот жүйесінде 32 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Түрлі жылдары Жезқазған, Ақмола және Қарағанды облыстық соттарын, сондай-ақ Жоғарғы соттың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқаларын басқарған.