АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған мемелкеттің Брест қаласында өткен Тсуға жүзуден алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына екі күміс және бір қола медаль түсті.
Ел құрамасынан 200 метр қашықтыққа аркамен жүзуде Егор Попов мәреге екінші болып келді. Бұл сайыста ресейлік Ярослав Лозе чемпион атанса, Александр Кононов үздік үштікті түйіндеді.
Тағы бір күміс жүлде еркін әдіспен эстафеталық жарыста еліміздің ерлер құрамасы алды.
Ал аталған қашықтықта қазақстандық әйелдер құрамасы қола жүлдені қанағат тұтты.
Еске салсақ, бұдан бұрын аталған ойындарда еркін күрестен ел қоржынына 4 жүлде түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.