22 жастағы спортшы 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды, сөйтіп алтын медаль иеленді. Нұрсұлтан бельгиялық Мурад Лахракуиды (9:4) және Си Мохамед Кетбиді (13:8), португалдық Руи Браганканы (6:4) жеңді. Оңтүстіккореялық Ким Тэ Хан онымен күресуден бас тартты. Финалға испандық Тортоса Кабрерамен шығып, негізгі уақытын тең (5:5) есеппен аяқтаған Мамаев, қосымша раундта «алтын ұпайға» ие болды.
15:30, 19 Қазан 2015
Қазақстандық таеквандошы Нұрсұлтан Мамаев әлемдік Гран-приде алтын иеленді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Манчестер қаласында өткен әлемдік Гран-при жарысының екінші күні қазақстандық таеквандошы Нұрсұлтан Мамаев үшін табысты болды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясынан.