«Отандық таэквандошылар Нұрсұлтан Мамаев (58 келі) пен Смайыл Дүйсебай (87 келі) Боготеда өткен «Open de Las Américas» халықаралық турнирінің G-1 сериясының жеңімпаздары атанды. Ақтық сында Мамаев мексикалық Дамиан Вильюді ұтты, ал Дүйсебай эквадорлық Жезуса Паррадан мықты болып шықты», - делінген таратылған хабарламада.
Мамаев пен Дүйсебай Оңтүстік Қазақстан облысының атынан шығып жүр. Екі спортшы да Филипп Пинердің тәжірибелік командасында жаттығады.