Қазақстандық таэквондошы әлем чемпионатында «күміс» медаль олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық таэквондошы Нартай Оразбаев (+ 65 келі) Әзербайжанда аяқталған кадеттер арасындағы әлем чемпионатында (24-27 шілде) «күміс» медаль олжалады, деп хабарлайды Спорттық күрес пен күштік спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі.

«Алғашқы жекпе-жегінде татами иелерінің өкілі Орхан Таги-Заданы жеңгеннен кейін (20:8), қазақстандыққа америкалық Ричард Чунг (20:4) пен өзбекстандық Исломджон Адхамов (21:9) шыдас бере алмады. Бірақ, өкінішке қарай финалдық кездесу сәтсіз болды. Оразбаевты сүріндірген ирандық Амирхуссейн Вогуи Азар (32:7) бұл жекпе-жекте жеңімпаз атанды», - делінген хабарламада.

Әлем чемпионаты. 65 келі. Қорытынды есеп:

1. Амирхуссейн Вогуи Азар (Иран)

2. Нартай Оразбаев (Қазақстан)

3. Исломджон Адхамов (Өзбекстан), Мұхаммед Ачикгоз (Түркия)