Қазақстандық таэквондошы Азамат Теңізбаев босатылды - Лондон

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Мексикадан Әлем чемпионатынан келе жатқанда ұшақ бортында ағылшын азаматшасына қол жүгіртті деген айып тағылған қазақстандық таэквондошы Азамат Теңізбаев босатылды.

Бұл туралы Sports.kz ҚР таэквондо федерациясының Вконтакте сайтындағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы аптада Ұлыбритания астанасында аталған оқиғаға байланысты соңғы сот тыңдауы өткен болатын. Енді жақын күндері Азамат елге оралады, деп хабарлайды Baq.kz.