Қазақстандық таэквондошы Гуанчжоудағы Азия ойындарында қола жүлдені ұтып алды

БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін қазақстандық спортшы Арман Шілманов таэквондодан қытайлық Гуанчжоу қаласында өткізілген Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

87 келі салмақ дәрежесінде финалға өту бәсекесінде Арман Шілманов ҚХР өкілі Чжан Иден 13:15 есебімен жеңіліп қалды.

ХVІ Азия ойындарының медальдік есебінде Қазақстан 10-орында тұр. Команда қоржынында екі алтын медаль, жеті күміс пен 13 қола медаль бар.