Қазақстандық таэквондошы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық таэквондошы Ғалымжан Серікбай (71 келі) жасөспірімдер арасында өткен халықаралық «Austrian Open» турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Спорттық жекпе-жек және спорттың күштік түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі.

«Өз салмақ санатында Ғалымжан Серікбай Джек Булиді (Ирландия, 24:13), Османхан Гекчені (Германия, 13:9), Макс Катерді (Ұлыбритания,24:12), Аарон Бретландты (Ұлыбритания, 16:2) және Франк Рупелді (Германия) сүріндірді, делінген таратылған хабарламада.