ОРАЛ. ҚазАқпарат - Вьетнамның Хошимин қаласында таеквондодан (WTF) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында батысқазақстандық Лиана Кушкеева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оның жаттықтырушысы Арслан Ордабаевтың айтуынша, 2003 жылғы Лиана 51 кг салмақта үш кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Финалда ирандық спортшыны 15:14 есебімен тізе бүктірді.
Бөрлі ауданы Ақсай қаласында дүниеге келген Л.Кушкеева қазіргі кезде Оралдағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатында оқып, жаттығады. Ата-анасы қызының таеквондомен дендеп шұғылдануы үшін Оралға көшіп келген, пәтер жалдап тұрады.
Еске сала кетейік, биыл Орал қаласында олимпиадалық ойын түріне жататын таеквондодан (WTF) кадеттер арасындағы ел біріншілігінде топ жарған Лиана одан кейін Мәскеуде «Патриот 2017» бүкілресейлік турнирінде қола жүлдегер атанған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).