Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров Азиаданың қола медалін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров 2018 жылғы Азия ойындарында қола медальді еншіледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM»  САА Қазақстанның ҰОК-ға сілтеме жасап.

Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жартылай финал ойындарында ирандық спортшыдан 7:11 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен, Жапаров медальсіз қалмады. Спорттың аталмыш түрінің ережелеріне сәйкес, жартылай финалда жеңілген  таэквондошы қола медальға ие болады.

Руслан Жапаровтың жетістігі Қазақстанның құрамасының активіне сегізінші медаль алып келді.