АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық таэквондошылар Біріккен Араб Әмірліктерінен 12 медаль еншілеп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үш күнге созылған Fujairah Open-2017 додасы БАӘ-ңің Эль-Фуджайра қаласында өтті. Осы жарыста ел намысын қорғаған жерлестеріміз сегіз қола және төрт күміс медальді олжалады.
Күміс жүлделерді Гүлім Бибаллаева, Жазира Сапарбек, Айтуар Шайкенов және Айнұр Есбергенова жеңіп алды.
Ал қола медальдарды Нұрсұлтан Мамаев, Анаргүл Сабыр, Шахсанам Ачилова, Жансель Дениз, Ербол Бейсенбай, Қайрат Сарымсақов, Смайыл Дүйсебай және Қазыбек Бахтиярұлы иеленді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.