Қазақстандық таеквондошылар Манчестердегі Гран-приге қатысады
15:41, 16 Қазан 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат-Манчестерде таэквондодан Гран-при сериясының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.
21-23 қазан аралығында өтетін халықаралық турнирде Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды: Жансел Дениз (67 келі) және Руслан Жапаров (80 келі).
Онда 61 елден 256 спортшы сегіз олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша медаль мен рейтингтік ұпай үшін күреседі.
Фото: olympic.kz