Қазақстандық тағы бір теннисші Босниядағы жарыстың жартылай финалына өтті
Александр Недовесов португалиялық Франциско Кабралмен бірге ширек финалда доданың үшінші ракеткалары болып тіркелген франциялықтар Садио Думбия – Фабиен Ребульмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-португалиялық жұп 7:6 (7:5), 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов пен Ф.Кабрал 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Франциялық жұп 2 эйс, 1 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.
А.Недовесов пен Ф.Кабралдың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бұдан бұрын осы жарыста тағы бір қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалға өткен болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Штутгарт турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет теннистен әлем чемпионатының іріктеу сайыстары өтеді.
Қазақстандық теннисші Босниядағы жарыстың жартылай финалына шықты.