«Ассалаумағалейкум, ағайын! "Қуанышты бөліссең көбейеді" деген сөз бар ғой! Бүгін сондай қуанышты, керемет күн! Қуанышымыз көп болғай! Алла Ұлық! Аллаға сансыз мадақтар! Аллаға шүкір!) Алламыз бізге перзент сыйлап, біздің дәрежемізді көтеріп, ата-ана болу бақытын бұйыртты! Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Біздердің ата-аналарымызға мың алғыс! Жұбайыма Айнамкөзге үлкен раxмет!). Алла осы жақсылықты ұзағынан», - деп жазады әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, ән айту стилі өзгеге ұқсамайтын әнші 2016 жылы Айнамкөз атты арумен шаңырақ көтерген болатын.