Сол жарыстарға қатысу үшін жексенбі күні Астана әуежайынан қазақстандық танымал спортшы Серік Нұрғалиев ұшып шықты.
ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген С.Нұрғалиев, алдағы жарыстарға әлемнің 70 елінен 12 мыңдай спортшы қатысатынын хабарлады. Серік олимпиадада 67,5 килә салмақ санатында спорттың үш түрі бойынша - бенчпресс, армреслинг және пушпуллифтинг - өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Нұрғалиев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО спорт шебері, Ішкі істер министрлігінде қызмет етеді. 10 шақты рет әлем чемпионы болған, 26 наградаға ие, оның 23-і - алтын медаль.