Қазақстандық тарихиграфия өзінің әдістемелік және тілдік тетіктерін байыпты өзгертулері қажет - ҚР Мемлекеттік хатшысы

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық тарихиграфия өзінің әдістемелік және тілдік тетіктерін байыпты өзгертулері қажет. Мұндай пікірді бүгін елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан Қазақстан Респубилкасының ұлттық тарихын зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин мәлім етті.

«Егерде біз ұлттық тарихты түркі қағанатының бірегей өркениетін түсіндіре отырып, формациялық әдіс түсінігінде қарастырар болсақ, мәселен, ертеректегі феодализм терминінде, онда біз ештеңе түсінбейміз және примитивті сызбаны қайталаймыз. Егерде қазақтардың этногенезін марксистік структурализм терминінде қарастырсақ, онда біз кезекті тұйыққа тірелеміз. Яғни, ескірген ғылыми тілдің көмегімен заманауи ғылым биігін шынайы түсініп көру мүмкін емес», - деді М.Тәжин.

Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, қазақстандық тарих ғылымының алдында шынайы сын-қатерлер бар әрі оның жауабын табуға да болады.