Қазақстандық тарихшылардың шетелдік іссапарларын Сыртқы істер министрі ерекше бақылауға алуы тиіс - М.Тәжин

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық тарихшылардың шетелдік іссапарларын Сыртқы істер министрі ерекше бақылауға алуы тиіс. Бүгін Ақордада өткен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай деді.

Бүгінгі жиынға еліміздің Сыртқы істер бірінші вице-министрі Рәпіл Жошыбаевтың арнайы шақырылғанын атап өте келе М.Тәжин: «Бізді мұрағатшылармыздың ғана емес, сонымен бірге жалпы тарихшыларымыздың сапарларының жалғасуымен байланысты мәселелерді де ерекше назарға алыңыздар. Әзірше сапарлар барысында қиындық туындай қойған жоқ. Елшілер мән-жайдан хабардар болып, барлық елдерде қолдау көрсетті. Дәл осы қарқынмен жұмысты жалғастыру қажет», - деді.