Әйелдер арасындағы 10 шақырымға шаңғымен сырғанауда қазақстандық Татьяна Осипова жеңіске жетті, екінші орынды украиналық Катерина Григоренко, үшінші орынды фин спортшысы Марьяна Питкенен иеленді.
Қазақстанның басқа өкілдері арасынан, сәйкесінше, 4-ші және 5-орындарда мәреге жеткен Марина Матросова және Виктория Ланчакова жеңіс тұғырына бәрінен жақын болды. Анна Шевченко 19, Ольга Мандрика - 25, Наталья Соковнина - 41 болды.
XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиада. Трентино (Италия),
Шаңғы жарысы. Әйелдер. Шаңғымен сырғанау. 10 шақырым.
1. Татьяна Осипова (Қазақстан) - 29:34.7
2. Катерина Григоренко (Украина) - 1.0
3. Марьяна Питкенен (Финляндия) - 1.4
4. Марина Матросова (Қазақстан) - 3.0
5. Виктория Ланчакова (Қазақстан) - 4.0
19. Анна Шевченко (Қазақстан) - 54.1
25. Ольга Мандрика (Қазақстан) - 1:08.4
41. Наталья Соковнина (Қазақстан) - 2:21.4.
20:52, 12 Желтоқсан 2013
Қазақстандық Татьяна Осипова Трентинода өткен Универсиадада 10 шақырымға шаңғымен сырғанау бойынша жеңіске жетті
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Трентинода (Италия) XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиаданың шаңғы жарысы бойынша турнирі басталды, деп хабарлайды Sports.kz.