Дмитрий Кошкин 30-шы орынға ие болса, Мартин Хубер - 40, Игорь Закурдаев 44-орынды місе тұтуға мәжбүр болды. «Алтын» жүлде мәреге 1 минут 18,14 секундта келген норвегиялық Хьетиль Янсрудқа бұйырды. Одан 0,30 секундқа қалып қойған америкалық Эндрю Уайбрехт екінші орынды иеленсе, АҚШ спортшысы Боде Миллер мен канадалық Ян Худек ( 0,53) үшінші орынға табан тіреді.
Әзірше Қазақстан құрамасы Сочи Олимпиадасының жалпы есебінде мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қола медалінің арқасында 26-орында келеді.