Бұл туралы ол бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, осы уақытта алыс шет мемлекеттерден келетін тауарларға қарасты одаққа мүше үш мемлекет тарапынан бірыңғай сауда саясаты жүргізіліп отыр. «Ендігі кезекте біз өзара сауданы тереңдетеміз. Нақтырақ айтқанда, 2010 жылдың шілде айының 1-інен бастап, Кедендік одақтың Кеден кодексі күшіне енеді. «Осыған байланысты қазақстандық тауарлардың Кедендік одақ нарығына шығуы үшін және шикізаттан тыс өнеркәсіп салаларына инвестиция тарту үшін үкіметке отандық бизнеспен барынша бірлесіп жұмыс істеу керек», деді Ж.Айжанова.