Вице-министрдің айтуынша, Ресей мен Беларусь елдерінің мемлекеттік сатып алулар нарығы қазақстандық тауар өндірушілер үшін тың мүмкіндік ашады. «Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы мемлекеттік сатып алулар ауқымы 2012 жылы шамамен 200 млрд. долларға жеткен болатын. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар ауқымы 2012 жылы 7,6 млрд. долларды құрады. Бұл - 30 есеге дейін артық көрсеткіш деген сөз. Мұны біздің кәсіпкерлеріміз ұтымды пайдалануды үйрену керек. Өйткені, біз Еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін әлі сезіне алмай келеміз. Бұны болашақта оңтайлы ете түскен абзалырақ. Өйткені, біздің кәсіпкерлеріміз бәсекеге қабілеттілігін арттырып, осындай алаңдарды ұтымды пайдаланғанда ғана бәсекелестігін көтере алады», - деді вице-министр.
Еске салсақ, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістігінің Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіміне орай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режим енгізіледі.