Қазақстандық телебағдарламалар Қытай және Оңтүстік Шығыс Азияда танымалдылыққа ие

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде көрсетілетін қазақстандық бағдарламалар танымал бола бастады, деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Astana Media week» шарасына шетелдік қонақтардың келуі біздің контентімізге қызығушылықтың бар екенін білдіреді. Біздің телеарналарымыздан берілетін қазақстандық контенттің бірқатар Азия мемлекеттерінде танылуына алғашқы қадам жасалды. Мәселен, Қытай және Оңтүстік Шығыс Азияда қазақстандық жобалар біршама танымалдылыққа ие», - деді вице-министр.

Ол сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары нарығы - бәрінен бұрын қазақстандық продюсерлер мен продакшн-компаниялар ғана емес, шетелдік компанияларды да тарту болып саналатындығын айтты.

«КМО алаңы барлық телеарналар мен шетелдік қонақтарға ашық. Бізге бұның басталуы маңызды екенін айтқым келеді. Біз «Astana Media week» шарасы елімізде тұратын жаңа таланттарға жол ашады деп сенеміз», - деді А.Әжібаев.

Қазіргі уақытта «Қазмедиа орталығында» батыс компаниялары жұмыс істеп жатыр. Мұнда тілшілік нысандар ашылып, медиа саласына байланысты кез-келген қызмет түрлерінің жұмысы құрылған. Астана Орталық Азия, тіпті Оңтүстік Шығыс Азияның өңірлік хабына айналады деп сенеміз.

Айта кетейік, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен «Қазмедиа» орталығы ұйымдастырған қазақстандық медиа-апталық «Astana Media Week»2017 жылдың 4-6 қазаны күндері «Қазмедиа» орталығы халықаралық медиа хаб аумағында өткізілген болатын. Медиа-апталық 2 мыңнан астам қатысушының және ұйымдастырылған 10 шара аясындағы 103 спикердің басын қосты.