АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық тенисші Андрей Голубев Australian Open-нің негізгі кезеңіне өтті. «Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, квалификациялық раундтың финалында жерлесіміз бельгилық тенисші Яник Мертенспен кездесіп,
оны 6:1 және 6:3 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, турнирдің негізгі кезеңіне Михаил Кукшкин, Ксения Первак пен Галина Воскобоевалар жолдама алды. Ксения Первакқа қиын қарсылас түсіп тұр. Алғашқы айналымда, ол, «Ролан Гаррос-2011-дің» жеңімпазы На Лимен түйіседі. Галина Воскобоева бельгиялық Янина Викмайермен кездессе, Кукушкин испаниялық Гильермо Гарсия-Лопеспен бақ сынайды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.