АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші А.Данилина Қазан қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Бұл жайында sports.kz сайты Халықаралық теннис қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Кеше турнирдің екінші айналымында ресейлік Марта Сироткинаға қарсы ойнаған жерлесіміз 1:6, 7:5, 7:5 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда А.Данилина украиндық спортшы Валентина Иваченкоға қарсы шығады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.