НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев Канзас штатындағы Уичито қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың бірінші ракеткасы Д.Евсеев ширек финалда отандасы Бейбіт Жукаевпен сынға түсті.
Бірінші партияда тай-брейкте 21 жастағы Б.Жукаев әбжілдік танытты – 7:6 (7:1).
Екіншісінде Д.Евсеев есе қайырды – 6:3.
Үшінші, шешуші партияда Денис тәжірибесі мен шеберлігінің басым екендігін байқатты – 6:2.
Қазақстандық қос теннисші арасында тартысты өткен матч 2 сағат 24 минутқа созылды.
Д.Евсеев финалға шығу үшін франциялық Клеман Шидехпен таласады.
Сонымен қатар Денис пен Бейбіт жұптық сында жартылай финалда өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық 5 жас теннисші Еуропадағы турнирлердің финалына шығып , Анна Данилина Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).