Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 39-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтингте қазақстандық Кирилл Герасименко бірнеше сатыға жоғарылаған, деп хабарлайды Olympic.kz.

Герасименко бұлкүндері Мумбаи қаласының UMumba TT клубы сапында сынға түсуде.

Үндістанлигасында сәтті өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз 45-сатыдан 39-орынғакөтерілген. Қазақстандық спортшы бірнеше халықаралық турнирге қатысады. Бұлоның ITTF рейтингіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.