Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Германия турнирінің үшінші турына өтті

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Қазақстандық теннисші Андрей Голубев немістің Гамбург қаласында өтіп жатқан Германияның German Open Tennis Championships турнирінің үшінші турына өтті.

Екінші айналымның матчында А.Голубев 6:4, 7:5 есебімен испандық Марсель Гранольерсті жеңді.

А.Голубевтің келесі қарсыласы әлемнің алтыншы ракеткасы ресейлік Николай Давыденко болады.