Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жартылай финалда сүрінді

АСТАНА. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Unicredit Czech Open Челленжер сериясы турнирінің жартылай финалында чехиялық Радек Штепаниктен ұтылып қалды.

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ федерациясының мәлім етуінше, еліміздің атынан өнер көрсетіп жүрген тағы бір спортшы Михаил Кукушкин де Германияда Челленджер сериясы турнирінің ширек финалында неміс Жулиан Рейстерге есе жіберді.